«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК-нің жаңа директоры тағайындалды.
Бүгін колледжде маңызды әрі айтулы күн болды. «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК-нің жаңа директоры тағайындалды. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ басшысы Сұрағанова Айнагүл Ағыбайқызы педагогикалық ұжымға жаңа директор Жаканова Гүлжан Шәмілқызын жеке таныстырып, оның жоғары кәсібилігін, әкімшілік тәжірибесін және мықты басқарушылық қасиеттерін атап өтті. Айнагүл Ағыбайқызы өз сөзінде колледж ұжымына және колледж директорының міндетін атқарушы А.К.Кошановаға ағымдағы оқу жылында атқарылған жұмыстары үшін шынайы алғысын білдірді: ұжым бірлесе, үйлесімді жұмыс істеп, барлық міндеттер уақытылы әрі жоғары деңгейде орындалды, бұл оқу орнының тұрақты және тиімді қызметін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Осындай үлес колледждің одан әрі дамуына маңызды негіз болды. Басқарма басшысы сонымен қатар, алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын атап өтті: жаңа сұранысқа ие мамандықтарды лицензиялау, әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, дуальды оқыту жүйесін кеңейту, сондай-ақ «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім беру гранттарының санын ұлғайту. Бұл қадамдар мамандарды даярлау сапасын арттыруға және студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Колледж ұжымы жаңа директорды жылы қарсы алып, одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге, жаңа жетістіктер мен дамуға дайын екендіктерін білдірді. Жаканова Гүлжан Шәмілқызына сәттілік, шабыт, колледж және студенттердің игілігі үшін жемісті қызмет тілейміз!