Worldskills Халықаралық чемпионаттары
2024 жылғы 10-15 қыркүйек аралығында Лионда (Франция) WorldSkills Lyon 2024 47-ші халықаралық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Оған 69 ел мен өңірлер өкілдері қатысты. Чемпионат 62 құзыреттілік бойынша болды: 59 ресми және үш көрме.
Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында "Графикалық дизайн" құзыреттілігі бойынша Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенті Виктория Шабаболдасова қатысты. Ол конкурстық тапсырмаларды орындауға кәсіби дайындығы мен шығармашылығын көрсете отырып, елімізді халықаралық алаңда абыроймен таныстырды. Бұған дейін Виктория WorldSkills Kazakhstan 2023 Ұлттық чемпионатында осы құзыреттілік бойынша бірінші орынды иеленді.
Барлығы Қазақстан WorldSkills Lyon 2024-те 30 құзыреттілік бойынша 32 қатысушыны ұсынды. Колледж студентінің әлемдік деңгейдегі чемпионатқа қатысуы оны дайындаудың маңызды нәтижесі және халықаралық кәсіби тәжірибе алу мүмкіндігі болды.

