SHYN” пікірсайыс клубының координаторлары қонақта болды
Бүгін колледжімізде М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің “SHYN” пікірсайыс клубының координаторлары қонақта болды. Олар біздің студенттерімізге арнап арнайы шеберлік сағаты (мастер-класс) мен тренинг өткізді.Шара барысында студенттер өзара еркін пікір алмасып, құнды тәжірибе жинақтады. Бұл кездесу болашақта студенттеріміздің дебат өнеріне деген қызығушылығын оятып, сыни ойлау қабілетін арттыруға және өз позицияларын дәлелді түрде жеткізе білуге баулитыны сөзсіз. Өрелі ой мен еркін пікір алаңында кездескен жастарымызға сәттілік тілейміз! Жалынды жастар, уақытты бос өткізбей, бірге дамиық! Интеллектуалды жастар қатарында болайық!