«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студен�...

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының студенттері оқу практикасы барысында алған білімдерін бекітіп қана қоймай, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен ізденімпаздықтарын көрсетті.
Студенттер мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс барысында қолдануға арналған дидактикалық материал — лэпбуктар әзірледі. Әрбір лэпбуктар балалардың танымдық белсенділігін, сөйлеу тілін, ойлау қабілетін және шығармашылық дағдыларын дамытуға бағытталған қызықты тапсырмалар, ойындар мен көрнекі материалдар қамтылған.
Осындай тәжірибе болашақ тәрбиешілердің заманауи оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу дағдыларын қалыптастырып, кәсіби шеберліктерін шыңдауға ықпал етеді. Дайындалған дидактикалық құралдар балалардың қызығушылығын арттырып, білім беру үдерісін қызықты, мазмұнды әрі тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
25.10.2026
Дата обновления:
20.11.2026