«Тіл – шексіз әлемге жол» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдері өңірлік олимпиадасы өткізілді.
2025 жылғы 19 қарашада Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттеріне арналған «Тіл – шексіз әлемге жол» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдері өңірлік олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданың мақсаты — полилингвалды білім беруді насихаттау арқылы әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі айқындай алатын көптілді тұлғаны қалыптастыру. Олимпиада Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 1–2 курс студенттері арасында онлайн тест форматында ұйымдастырылды. Байқауға өңірдің 19 колледжінен 77 студент қатысты. Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Мұндай олимпиаданың маңыздылығы — студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, полилингвалды орта жағдайында кәсіби құзыреттілігін арттыруға, сондай-ақ студент жастар арасында ұлтаралық байланыс пен ұлттық бірлікті нығайтуға ықпал етеді