Танысу кеш
Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде бірінші курс студенттеріне арналған «Танысу кеші» өтті!
Бұл жай ғана кездесу емес — студенттік өмірге жасалған алғашқы қадам!
Кеш барысында бірінші курс студенттері Студенттік құрылтайдың жұмысымен және белсенді жастармен танысты. Сахнадағы би, КВН, әзіл мен көтеріңкі көңіл-күй кештің нағыз студенттік атмосферасын қалыптастырды! ⚡
Кештің ерекше сәті — бірінші курс студенттерінің анты. Жастар колледж дәстүрін құрметтеуге, білімге ұмтылуға, белсенді болуға және студент деген мәртебені абыроймен алып жүруге ант берді.