Ынтымақтастық шеңберіндегі семинар

31.03.2021

2021 жылдың 30 наурызы күні «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК базасында Орал гуманитарлық-техникалық колледжімен ынтымақтастық аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және оқыту ерекшеліктері» тақырыбында оқу-әдістемелік семинары өтті. Семинарда білім беру мазмұнын жаңарту тақырыбында Семинар барысында еліміздегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарынының жаңартылған білім беру мазмұнына көшу, білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауды жетілдірудің тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдері, педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттырудың өзекті мәселелері қарастырылды.

Семинарға қатысушыларды Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Жанділдин Ерлік Борисұлы құттықтап, қарастырылып отырған мәселелердің маңыздылығы зор екенін атап өтті.

Жұмыс барысында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары Саурбаева Салтанат Беркутовна, Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің әдіскері Гайсина Алтынгуль Каримоллаевна модераторлық қызмет жасады.

Орал гуманитарлық-техникалық колледжінің 3 оқытушысы (Акбулатова С.Б. – қазақ тілі пәнінің оқытушысы; Сапаров Б.А. – тарих пәнінің оқытушысы; Джамбаева А.Б. – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушшысы) келесі тақырыптарда баяндама жасады: «Қазақ тілі сабақтарында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында қолданылатын әдістердің тиімділігі», «Тарих сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану», «Творческие домашние задания по русскому языку и литературе как средство инновационного обучения в условиях обновленного содержания образования».

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушыларымен (Бежик Л. П., Абуталимова Ш.А., Мусина Б. А., Шарипова Г. К., Муратова А. К., Касенова А. К.) дайындалған баяндамаларында жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жалпы білім беретін пәндерді оқытудың ерекшеліктері, білім беру платформаларын тиімді пайдалану, критериалды бағалаудың ерекшеліктері, колледж студенттерін орта білім беруді жаңарту жағдайында жұмысқа дайындау мәселелері қарастырылды.

Жұмыс соңында Орал гуманитарлық-техникалық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Сагидуллина Асима Мұратқызы, М.Жұмабаев атындағы колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Иманкулова Алия Сыздыкбаевна колледж оқытушылары арасында тиімді тәжірибе алмасу жұмысы өткендігі жайлы атап өтіп, қорытынды жасады.

Алдағы уақытта да екі колледж арасында ынтымақтастық жұмыстар жүргізіліп тұратыны жоспарланды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст