Конституциялық құндылықтардан ұлттық мүддеге дейін

Конституциялық құндылықтардан ұлттық мүддеге дейін

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Конституциялық құн...

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «Конституциялық құндылықтардан ұлттық мүддеге дейін: адами капиталды дамытудағы техникалық және кәсіптік білімнің рөлі» тақырыбында Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өтті.
Отырыс барысында кеңестің жаңа құрамы таныстырылып, төрағасы мен хатшысы сайланды. Сонымен қатар колледждің стратегиялық даму бағыттары, білім беру сапасын арттыру, әлеуметтік серіктестікті нығайту және студенттердің кәсіби қалыптасуына қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.
Жиында «Колледж түлектерінің қауымдастығын» құру бастамасы таныстырылып, түлектермен байланысты нығайту, кәсіби тәжірибе алмасу және студенттерге тәлімгерлік қолдау көрсету мүмкіндіктері талқыланды.
Сондай-ақ «Мағжан мұра – мәңгілік тағылым» ғылыми-шығармашылық жобасының мақсаты мен негізгі бағыттары ұсынылды. Жоба ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың әдеби мұрасын насихаттауға, студенттердің шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған.
Отырыс қорытындысы бойынша ұсынылған бастамаларды қолдау туралы шешімдер қабылданды.
Қамқоршылық кеңестің жұмысы колледждің тұрақты дамуына, білім беру сапасын жетілдіруге және бәсекеге қабілетті, жауапты мамандар даярлауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
27.10.2026
Дата обновления:
20.11.2026