Жемқорлыққа жол жоқ!

08.04.2021

2021 жылғы 7 сәуірде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаменті басшысының Бірінші орынбасары Нұрлан Жахин мен өңірлік ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелерінің колледж студенттерімен кездесуі өтті.
Іс-шара барысында спикерлер студенттерге академиялық адалдық түсінігі бойынша ақпарат берді.
Оқу орнының басшылығы студенттердің құқықтық мәдениетіне ерекше көңіл бөледі. М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры Ерлік Жанділдин атап өткендей студенттер облыстық және республикалық іс-шараларға қатысып қана қоймай, олардың ұйымдастырушылары болып табылады.
Сонымен қатар, оқу орнында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері" атты бірінші курс студенттеріне арналған факультатив сабақ оқытылады.
"Саналы ұрпақ" жобалық кеңсесінің жетекшісі, штаб мүшесі Богдан Петров академиялық адалдық бес қағидатқа негізделгенін атап өтті: парасаттылық, сенім, әділдік, құрмет және жауапкершілік. Жас белсендіні облыстық мәслихаттың депутаты Біржан Нұрмаханұлы Жалғаспаев пен Петропавл қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Иманғали Сұлтанұлы Татваев қолдады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст