«Шетел тілі: ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде меңгеру барысында ана тілінің грамматикалық интерференциясы.
«Ғылым әлемін аша отырып – VII» атты республикалық оқу-зерттеу жобалары байқауында «Шетел тілі: ағылшын тілін екінші шетел тілі ретінде меңгеру барысында ана тілінің грамматикалық интерференциясы. А2–С1 деңгейлеріндегі орыс тілді оқушылардың типтік қателерін эксперименттік-корпустық зерттеу» бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жобасы ұсынылды. Жоба авторлары – Ибрагимова Анастасия мен Жолумбетова Сабина. Ғылыми жетекшісі – Мамбетова Динара Сериковна. Байқау барысында жоба жоғары ғылыми дайындық деңгейімен және зерттеу өзектілігімен ерекшеленіп, республикалық деңгейде II орынға ие болды.