«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі» атты ақпараттық сағат

19.03.2021

2021 жылдың 18 наурызында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігі аясында «Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі» атты ақпараттық сағат өтті. Іс-шараның мақсаты латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат беру, қоғамдық пікір қалыптастыру. Қоғамда өздерін көрсете және өз еліне пайдалы бола алатын, жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін патриот ұрпақ тәрбиелеу.

Ақпараттық сағатта М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқытушысы, ғылым кандидаты, доцент Қуандықова Д.Қ. сөз сөйледі және УКЯ-1-17 топ студенттері латын графикасына қатысты өз пікірлерін білдірді. Берілген мәліметтерді бекіту мақсатында практикалық жұмыс жүргізілді: латын графикасымен жазылған мәтінді оқу, ойлан тап және диктант жазылды.

Іс-шара соңында студенттер әкімшілікпен, оқытушылармен бірлесіп "Атамекен" әнін шырқады.

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушылары: Искакова Ж.Ж.

Касенова А.К.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст