Табиғатты қорғайық – ұрпақты тәрбиелейік

Табиғатты қорғайық – ұрпақты тәрбиелейік

2026 жылғы 23 қазанда мектепке дейінгі пәндер оқытушысы Кази�...

2026 жылғы 23 қазанда мектепке дейінгі пәндер оқытушысы Казиева Г.С. педагогтерді аттестаттау аясында ДВ-1-26 тобында «Табиғатты қорғайық – ұрпақты тәрбиелейік» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізді. Бақылаушы ретінде педагог-сарапшы Касенова Айман Капеновна қатысты.
Іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасы мен «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары негізінде ұйымдастырылды.
Тәрбие жұмысы барысында интерактивті әдістер қолданылып, студенттер экологиялық мәселелерді талқылады, проблемалық жағдаяттарды шешу жолдарын қарастырды, шығармашылық тапсырмалар орындап, табиғатты қорғауға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды. Сонымен қатар болашақ тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын ұсынды.
Өткізілген іс-шара студенттердің экологиялық жауапкершілігін, шығармашылық белсенділігін және табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті.
Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
26.10.2026
Дата обновления:
20.11.2026