«Адал азамат» біртұтас тәрбие

«Адал азамат» біртұтас тәрбие

​2026 жылғы 9 қазанда «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колл�...

​2026 жылғы 9 қазанда «Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК базасында пилоттық жоба аясында аттестаттаудан өту мәселелері бойынша колледж директорларының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарларына, әдіскерлер мен педагогтерге арналған облыстық семинар өтті.
«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ Мемлекеттік кадр саясатын іске асыру бөлімінің бас маманы Ж.А.Айтхожина семинарға қатысушыларды пилоттық жобаны өткізу тәртібімен және педагогтің цифрлық бейінін қалыптастыру ерекшеліктерімен таныстырды.
Семинар барысында кәсіби қызметті бағалау критерийлері қарастырылды: сабақтарды өткізу сапасы, кәсіби қызметтің нәтижелілігі, тәжірибені жинақтау және тарату, біліктілікті арттыру, педагогтерге кәсіби қолдау көрсету және олардың кәсіби дамуы, тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.Д.Мухамадиева педагогтерді «Ұстаз» платформасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын іске асыру бойынша сабақтан тыс тәрбие іс-шарасын бақылау парақтарын толтыру алгоритмімен таныстырды.
Семинар ашық пікір алмасу форматында өтті. Қатысушылар аттестаттау рәсіміне енгізілген негізгі өзгерістер мен педагогтерді қолдау тетіктерін талқылап, бағалау критерийлері бойынша түсіндірмелер алды және цифрлық бейінді толтыруға қатысты әдістемелік ұсынымдармен танысты.
Жанагүл Армияновнаға мазмұнды кездесуі, практикалық маңызы бар кеңестері және педагогтерге аттестаттауға дайындық барысында көрсеткен әдістемелік қолдауы үшін алғыс білдіреміз!

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
10.10.2026
Дата обновления:
11.11.2026