Аймұқан Дидар Серікұлы
Мен, Аймұқан Дидар Серікұлы, Қазақстан Республикасының колледж студенттері арасында өтетін «Қазақстан Республикасының Топ 100 студенті» байқауына қатысуға өз үміткерлігімді ұсынамын. Бұл жоба – жас көшбасшыларды анықтап, олардың әлеуетін дамытуға бағытталған ерекше мүмкіндік. Мен өзімді осы байқауға лайықты үміткер ретінде санаймын, себебі, білім мен қоғамдық қызметті қатар ұштастырып, жан-жақты дамуға ұмтылып келемін. Қазіргі таңда Мағжан Жұмабаев атындығы жоғары коллежінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалмі мамандығының төртінші курс студентімін, әрі коллеждің өзін-өзі басқару ұйымының президенті қызметін атқарып, студенттер, оқытушылар және жастар ұйымдарымен тығыз байланыста жұмыс істеймін. Қазақстан халқы Ассамблеясының СҚО өңірлігінің «Ассамблея жастары» ұйымының төрағасының орынбасары ретінде этносаралық татулық пен бірлікті нығайтуға өз үлесімді қосып жүрмін. Мен болашақ ұстаз ретінде оқушыларға үлгі болуым керек. Осы орайда «Помощь рядом» еріктілер қозғалысының мүшесі болып, қоғамға пайдалы істермен айналысып келемін. 2024 жылы су тасқыны кезінде өңірдегі ахуалды президент алдында баяндауда маған тапсырылған еді. Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік пен сенімнің белгісі болды. Жастар саясаты мен интеллектуалды дамуға да ерекше мән беремін. Дебат қозғалысының белсенді мүшесі ретінде облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, өз ойымды еркін жеткізу, сыни тұрғысынан ойлау қабілетімді дамытып келемін, жүлделі орындарды да алдым. Сонымен қатар, Халықаралық «Жастар Generation 2024» форумына қатысып, әлем жастарының маңызды мәселелерін талқылауға атсалыстым. Білім мен өнерді қатар алып жүрген жан ретінде, «Болашақ - білімді жастардың қолында» атты республикалық семинарға қатыстым. Семинарда «Кітап оқу» жарысына қатысып, 1-дәрежелі дипломмен және «Қазақстан Республикасының патриоты» төсбелгісімен марапатталдым. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына педотрядтар арасындағы өткен жарысқа екі жыл қатарынан қатысып, екі рет «Гран-при» иегері атандық. «Балдәурен» орталығында екі рет ресми іс тәжірбиеден өтіп, өзімнің көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерімді жетілдірдім. Сондай-ақ СҚО Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында Әлімбек Оразбековтың «Бір түп алма ағашы» спектаклінде екі рет басты рөлді сомдағанымды айтқым келеді. Бұл тәжірибе менің шығармашылық қабілетімді дамытуға көп үлесін қосты. Бұл байқау – мен үшін жаңа белестерге жол ашатын мүмкіндік. Сондықтан байқауда өзімді дәлелдеуге дайынмын. Осы мүмкіндікті пайдаланып, байқаудың жеңімпаздары қатарынан көрініп, елімнің өркендеуі үшін үлес қосуға міндеттімін. Мен осы міндетімді орындайымын және де болашағымның жарқын болатынына сенімдімін!