Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Жаңа көзқарастар, шығармашылдық ойлау дәуірі барлық жағдайларға деген тәсілдемелер мен технологияларды өзгертуге мәжбүр етеді. Бүгінгі

таңда жас мамандардың тапшылығы байқалып отыр, сондықтан кәсіби білім беру жүйесіне, білікті мамандарды даярлауға үлкен үміт артылады. Бұған педагогтар мен студенттер арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық негізінде мемлекеттік білім беру стандарттарын меңгеру арқылы қол жеткізіледі

Біздің колледждің әрбір студенті алған білімдерінің арқасында кез келген қиындықтарды жеңе алатынына күмәнім жоқ. М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжде алынған білім кәсіби биікке жетуге, өзіндік шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға көмектеседі.

Педагогикалық ұжымға шығармашылық табыс, жаңа идеялар, жақсы қызметтік көңіл- күй, ал студенттерге – оқуда табандылық, адал достар, белсенді және оқиғаға толы өмір тілеймін. Колледж сіздің кәсіби өсу және қалыптасу орныңыз болсын! Сіздердің табыстарыңыз біздің оқу орнымыздың имиджін нығайтуға ықпал етсін!

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директоры
Жанділдин Ерлік Борисұлы

Қабылдау күндері:
Әр сәрсенбі сайын, апта сайын, 15:00-17:00

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж – қарқынды дамып келе жатқан, жаңа білім беру технологияларына бағдарланған, айтарлықтай ғылыми-әдістемелік базасы, заманауи материалдық-техникалық ресурстары, жоғары білікті кадрлық әлеуеті бар, рухани және ғылыми мұрасы бай республикамыздағы ең көне оқу орындарының бірі.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж миссиясы колледж түлектерінің бәсекеге қабілеттілігін және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Колледждің тұжырымдамалық идеясы:

► Білім берудің жоғары стандарттары
► Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау
► Әлеуметтік, азаматтық және кәсіби өзін-өзі анықтауға дайын тұлғаны дамыту
► Әлеуметтік және мәдени құндылықтарды қалыптастыру
► Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Колледждің мақсаты - кәсіби кадрларды даярлау және олардың білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілігі.

Мақсатқа қол жеткізу, ұжымның әлеуетті мүмкіндіктеріне, қолда бар ресурстарға және еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес миссияны жүзеге асыру үшін мынадай түйінді міндеттер айқындалды:

♦• кадрларды даярлау сапасын одан әрі жетілдіру, білім беруде құзыреттілік тәсілді қамтамасыз ету;

♦• колледж қызметінің барлық салаларына инновациялық технологияларды енгізу;

♦• техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарын ескере отырып, білім беру процесін оқу-әдістемелік және IT-қамтамасыз етуді жаңғырту;

♦• техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнын жаңарту контексінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру;
♦• белсенді азаматтық ұстанымды, адамгершілік құндылықтарды, студенттердің өмір бойы үздіксіз кәсіби білім алу қажеттілігін тәрбиелеу;

♦• жүйелі мониторинг және нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді тиімді жаңғырту және өзектендіру арқылы сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігін арттыру;
♦• оқытушылардың, студенттер мен жұмыс берушілердің өзара ынтымақтастығының ерекше ортасын қалыптастыру үшін қолайлы климат пен қажетті жағдайлар жасау;

♦• республикалық және халықаралық рейтингтердің нәтижелері бойынша басқа колледждер арасында көшбасшылық позицияларды сақтау арқылы колледж мәртебесін арттыру;

♦• сыртқы мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастық.

ҚАБЫЛДАУ КОМИССИЯСЫ

М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж 2022-2023 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша қабылдау жүргізеді:

11 сынып негізінде:

Мамандық: 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі

Біліктілік:

5АВ01140101 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: орысша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.

Мамандық: 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Біліктіліктер: 5АВ01120101 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: қазақша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.

Мамандық: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Біліктілік: 3W06130102 Web-дизайнер, Оқыту тілі: қазақша; Оқу мерзімі: 10 ай

Мамандық: 01140300 негізгі орта білім беру тілі мен әдебиетін оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Біліктілік: 5AB01140301 Қазақтілімен әдебиеттіоқытудың педагогикасы мен әдістемесі қолданбалы бакалавры, Оқыту тілі: қазақша; Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай

9 сынып негізінде

Мамандық: 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
Біліктілік: 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиешісі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 01140100 Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі
Біліктілік: 4S01140101 Бастауыш білім беру мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 01140100 Музыкалық білім беру
Біліктілік: 4S01140201 Мектепке дейінгі, бастауыш және негізгі орта білім берудің музыка мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 01140600 Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Біліктіліктер: 4S01140601 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Оқыту тілі: қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

4S01140602 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

4S01140605 Шетел тілі мұғалімі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

Мамандық: 06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)

Біліктіліктер: 4S06130103 Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастырушы, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай

4S06130105 Ақпараттық жүйелер технигі, Оқыту тілі: орысша, қазақша, Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст