2018 жылдың жиырма алтыншы желтоқсанында М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде «Инабат» және «Ұстаз» клубтарының «Қыз тәрбиелей отырып, ұлтты, болашақ маман иесін тәрбиелейміз» атты пікірталас өтті.
Болашақ мамандарды бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерден өнеге алуға баулу. Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттер туралы айту мақсатында өткізілді. Пікірталасқа барлық топ студенттері қатысты. Іс-шара үш кезеңнен өтті. Бірінші кезеңінде Қазақ қызы бүгінгінің қандайсың? бұрынғы қазақ қызының тәрбиесімен қазіргі заман қыздарының тәрбиесі туралы өз ойларын ортаға салды, қызу пікірталас болды.
Екінші кезеңде қыз бала тәрбиесіне арналған «Қызға қырық үйден тыю» сөздердің мән мағынасын ашып, өз пікірлерімен тұжырымдады.
Үшінші кезеңде болашақ ұстазға арналған ақыл-кеңестерін бір сөзбен жинақтап берді.
Пікірталас барысында студенттер қыз баланың шаш жинау мәселесін жан-жақты талдап, алдағы уақытта шаш жинау үлгісінің эстафетасын бастауды бір ауыздан ұсынды.
Бүгінгі тілге тиек болған әңгіме жастарға, болашақ ұстаздарға, оның ішінде қыз балаларға алдағы өмірлерінде маңызды болары сөзсіз.