2024 жылдың 22-24 ақпан күндері Алматы қаласында дәстүрлі түрде жылда өтетін "Менің пірім - Сүйінбай" атты VIII Халықаралық жастар айтысы өтті. Айтысқа Солтүстік намысын қорғап студентіміз Ақтілек Хайымханұлы қатысты. Ерекше өнер көрсетіп, теріскей топырағында қазақылықтың тамырында әлі қан жүгіріп тұрғанын, елім, жерім деген қазақтың қаракөздері бар екенін,орымды ой айта білетін жырау, ақын, сөз зергерлерінің ұрпағы бар екенін, Қызылжар қазақылықтың қаймағын бұзбаған намысшыл аймақ екенін тағы да бір мәрте дәлелдеді. Үлкендердің батасын алып, алаштың ардақты ақындарының көзіне түсті. Алар асуымыз, шығар шыңымыз көп болғай!!!