"Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы

19.10.2022

Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу шеңберінде Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында жалпы республикалық эссе байқауы өтті. Ол жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатыстылық сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталған. Байқауға 47 адам қатысты. Студенттер өз жұмыстарында болашақта елімізді қандай бейнеде көретіндігі арқылы шығармашылығы мен қиялын көрсетті. Мұндай байқаулар мәдени-адамгершілік дамуға, жастардың бойында патриотизм сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді. "Бүгін осы байқауға қатыса отырып, мен өз қабілетімді жүзеге асыруға, әлеуметтік және шығармашылық белсенділігімді арттыруға мүмкіндік алдым. Жақында біз республика күнін атап өтеміз. Мен өз Қазақстанымды мақтан тұтамын!",- деді байқауға қатысушылардың бірі Тайманова Динара. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталады.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст