ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті

22.10.2020

Білімі, таланты мен дағдысының арқасында табысқа жеткен, ТжКБ ұйымдарының үздік студенттері мен жұмысшы біліктілікті насихаттау, талантты жастарды қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ҚР –ның білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасын ұйымдастырды. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері арасынан осы жобаның аймақтық кезеңінен іріктеуден өткен 5 студент республикалық кезеңге жолдама алды. Олар: Ахметжан Тәуекел Ахметжанқызы – НО-3-18 тобы, Сексенбай Ұлдай Әскербекқызы – ДВ-3-18 тобы, Романқызы Аида – УКЯ-2-19, Романюк Тимофей Викторович – ИС-2-18, Чупчиков Игорь Александрович – ИС-2-18 тобының студенттері. Студенттер жобаға өздері туралы баяндайтын эссе, маман ретінде таныстыратын, белсенді қоғамдық қызметін бейнелейтін бейне жазбаларын ұсынды. Жобаның ережесіне сәйкес ағымдағы жылдың қазан айының 11 мен 20 аралығында онлайн-дауыс беру арқылы үздік студенттер таңдалды. Топ жарып «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» атанған студенттеріміз Романқызы Аида, Романюк Тимофей Викторович және осы студенттерге қолдау білдірген барша колледж оқытушылары мен студенттерін Жобаның сәтті аяқталуымен құттықтаймыз. Сіздерге әрдайым өз қабілеттеріңіздің, таланттарыңыз бен дағдыларыңыздың биік шыңында болуларыңызды тілейміз. Сіздерді мақсаттарыңыз және ынталарыңыз әрдайым жеңіске жетелей берсін!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст