“Жемқорлыққа жол жоқ “ атты конференция

19.10.2022

Бүгін 14.10.2022 жылы Байкен Әшімов атындағы Петропавл темір жол көлігі колледжінде “Жемқорлыққа жол жоқ “ атты конференция өткізілді .Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің өкілдері сөз сөйлеп, сұрақтарға жауап берді. Біздің студенттер, жетекшілерімен бірге қатысып өз ойларын айтты. Әр колледжден "Саналы ұрпақ" студенттік клубының жетекшілері сөз сөйлеп, клуб жұмысының жоспарын ұсынды. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар, яғни колледж студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру тәжірибесімен, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының негізгі бағыттарымен танысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы әрбір азаматтың қасиетті борышы болып табылады. Бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа сыбайлас жемқорлықтың қоғамның моральдық ахуалына зиянды әсері туралы түсіндіру өте маңызды. Біз колледж студенттерін осы зұлымдықпен барлық жерде күресуге шақырамыз. Заң нормаларын нақты сақтау - бұл бірінші және негізгі шарт.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст