«Күннен туған баламын, Жарқыраймын жанамын»

27.05.2023

2023 жылдың 24 мамырында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжде қазақ тілі мен әдебиеті ЦӘК бірлестігі оқытушыларының ұйымдастыруымен ұлы ақын, педагог, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Күннен туған баламын, Жарқыраймын жанамын» тақырыбындағы облыстық семинар өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: жоғарғы оқу орны, колледж және жалпы білім беретін мектептерде Мағжан Жұмабаев шығармаларын оқыту және тәжірибе алмасу. Семинарға М.Қозыбаев атындағы СҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кулибекова Ж.С., Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясы, Тілдік дайындық кафедрасының оқытушысы, подполковник Абилгаламова К.К., Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Гайсина А.Ж., Жүзен Б.Е., Можганова Н.Т.,Тасбулатова А.Б., Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Адильшина Д.Т., Абай Қ.Д. және колледж оқытушылары Искакова Л.Қ., Касенова А.Қ. баяндамалар оқып, студенттермен шеберлік сыныптарын өткізді. Колледж студенттері Жумин Е., Хайымхан А., Аскерова М., Нұрсұлтанқызы І ақынға арнап шығарған өлеңдерін оқып берді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст