«Күннен туған баламын, жарқыраймын жанамын» тақырыбындағы республикалық ашық кездесу алаңы

22.02.2021

2021 жылдың 17 ақпан күні ZOOM платформасы арқылы Атырау қаласының Қ. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінің тарихында көп қырлы талант иесі, жаңашыл ұлт ақыны, зергер жазушы, педагог – ғалым, кемел ойлы әдебиетші Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 128 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Күннен туған баламын, Жарқыраймын жанамын» тақырыбындағы республикалық ашық кездесу алаңы өткізілді.

Республикалық ашық кездесу алаңының мақсаты – Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен шығармаларын дәріптеуде аға буын өкілдерінің еңбектері негізінде жастарды ұлттық рухани құндылықтарды қадірлеуге, адамгершілікке, Отансүйгіштікке, бәсекеге қабілетті маман болуға тәрбиелеу.

Ашық кездесу алаңына М.Жұмабаев атындағы жоғары колледждің оқытушылары да қатысқан болатын:

Мағжантану пәнінің оқытушысы Гүлмира Тасболатқызы Бекенова Мағжанның тарихи өмірімен бөлісті.

Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы Бахыт Алпысбайұлы Мусин өз баяндамасында Мағжанның өлеңдері арқылы жастарды ұлтжандылыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу жайлы баяндады.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды. Республикалық ашық кездесу соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін, алғыс сөздерін білдірді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст