Кәсіптік бағдар беру

27.03.2023

Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары аясында 2023 жылдың 24 наурызында колледжге Тайынша ауданының оқушылары экскурсияға келді. Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларын колледж мамандықтарымен таныстыру және саналы кәсіптік таңдау жасауға ынталандыру. Мұғалімдік мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру. Мектеп бітіру жасөспірім алдына мамандық таңдауды талап етеді: оқуын жалғастыру үшін оқу орнына түсу, еңбек өмірін бастау немесе оқу орнында кәсіби дағдыларды меңгеру. Колледж оқытушылары оқу үдерісіне қатысты барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді, оқу қызметінің режимі, шәкіртақы төлеуі, колледждің түрлі деңгейдегі конкурстық іс-шараларға қатысуы, түлектерге деген сұраныс пен жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Оқушыларға Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжге түсуге қажетті құжаттар тізімі және мамандықтар туралы буклеттер таратылды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст