Мағжан Жұмабаев атындағы it-мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру .

Мағжан Жұмабаев атындағы it-мектеп-лицейінде кәсіптік бағдар беру .

2023 жылдың 17 наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-�...

2023 жылдың 17 наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицей КММ мектебіне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді Кәсіптік бағдар беру – әрбір оқушының қабілетін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу мақсатында жүргізілетін жұмыс. Осы мақсатта Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушысы Муратова А.К. 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесті. Кәсіптік бағдар беру барысында арнайы әзірленген бейнеролик көрсетіліп, мамандықтар туралы және қабылдау ережелері, колледждегі оқу тәртібі мен спорт өмірінің қыр-сырлары туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларының мамандыққа деген үлкен қызығушылығын тудырып, көптеген сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді. Кездесу соңында мектеп оқушыларына жарнамалық-ақпараттық материал таратылды.

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
27.03.2023
Дата обновления:
30.03.2023