Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары

25.03.2023

Кәсіптік бағдар беру іс-шаралары аясында 2023 жылдың 24 наурызында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж оқытушылары Жукенова Б.Г. Кулдаева Л.Т. Петропавл қаласындағы «№ 32 орта мектебі» КММ барып, 9 және 11 сынып оқушылары арасында әңгіме өткізді. Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларын колледж мамандықтарымен таныстыру және саналы кәсіптік таңдау жасауға ынталандыру. Мұғалімдік мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру. Мектеп бітіру жасөспірім алдына мамандық таңдауды талап етеді: оқуын жалғастыру үшін оқу орнына түсу, еңбек өмірін бастау немесе оқу орнында кәсіби дағдыларды меңгеру. Колледж оқытушылары оқу үдерісіне қатысты барлық сұрақтарға жан-жақты жауап берді, оқу қызметінің режимі, шәкіртақы төлеуі, колледждің түрлі деңгейдегі конкурстық іс-шараларға қатысуы, түлектерге деген сұраныс пен жоғары оқу орнында оқу мүмкіндігі туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, мектеп оқушылары колледж студенттерінің мәдени, спорттық, бос уақытын өткізуі туралы мәлімет алды. № 32 мектептің оқушылары мен мұғалімдеріне мамандықтар туралы толық ақпарат беріліп, Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжге түсуге қажетті құжаттар тізімі және мамандықтар туралы буклеттер таратылды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст