Қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында кәсіби бағдар жұмысы

27.03.2023

Қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында кәсіби бағдар жұмысы мектеп оқушылары үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Колледж оқытушысы Л.Қ.Искакова С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда өткен “Кәсіпті бірге тандайық” атты ағартушылық-танымдық мақсаттағы жиналысқа қатысып, колледжде 2023-2024 оқу жылында қабылданатын мамандықтар бойынша арнайы әзірленген бейнежазбалар мен таратпаларды үлестіріп, оқу бағдарламаларымен мектеп ұжымын, 9-11-сынып оқушыларын және олардың ата-аналарын таныстыра отырып, көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Іс-шара барысында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасына мектеп оқушыларының оқуға түсуге, ал ата-аналарының аталмыш оқу орнына оқуға беруге деген қызығушылықтарының бар екендігі аңғарылды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст