Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу.

10.03.2023

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулездің алдын алу айлығы аясында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжге Петропавл қаласының №1 емханасының фтизиатр дәрігері Бахтыбаева Асель Тилейновна ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен келді. Дәрігер облыста туберкулезбен сырқаттанушылықтың артып келе жатқанын атап өтті. Туберкулез инфекциясының берілу ерекшеліктерін және оның көріністерін білу әр адамға, әр отбасына қажет, өйткені уақтылы шаралар қабылдау инфекцияның берілуіне ғана емес, аурудың дамуына да жол бермейді. Қорытындылай келе, Асель Тилейновна әркім өз денсаулығына қамқорлық жасауды ұмытпауын тіледі. Әркімнің денсаулығы оның өз қолында екенін және әрқайсысының белсенді позициясы ғана туберкулезбен ауыру деңгейін едәуір төмендетуге көмектесетінін есте сақтау қажет!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст