"Жастар арасында сыбайлас жемқорлық пен нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары"
13.09.2023 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледж студенттік Парламентінің құқық және тәртіп фракциясының студенттері "жастар арасында сыбайлас жемқорлық пен нашақорлыққа және есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі алдын алу шаралары" тақырыбында "ашық кеңістік технологиясы"әдістемесі бойынша әңгімеге қатысты. Мақсаты жалпыадамзаттық құндылықтар мен адамгершілік нормаларын түсіну және мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілікті қалыптастыру негізінде колледж білім алушылары арасында құқық бұзушылықтардың, қоғамға жат әрекеттер мен қылмыстардың алдын алу болды.