«Қазақ Білім орталығында» @qazaq_bilim_ordasy шебер-сыныбы

26.11.2022

М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжді үздік дипломмен 2022 жылы аяқтаған көркем еңбек мұғалімі - Фаизова Милена «Қазақ Білім орталығында» @qazaq_bilim_ordasy шебер-сынып өткізіп, өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. Жас маманның сабағы педагогтар, ата-аналар және бүлдіршіндерді сүйсіндіріп, көптің көңілінен шықты. Қонақтар ішінде колледжің алдыңғы қатарлы оқытушыларының бірі Саткенов Ерғали Шәмілұлы да болып, Миленаның өткізген сабағына ризашылығын білдіріп, «Ұстаздан шәкірт озар» деген сөзді жүрек жарды тілегіне қосып, естелік суретке түсті. Миленаның бойындағы студент кезіндегі мамандығына деген сүйіспеншілік, алғырлық, мейірімділік, шыдамдылық, шығармашылық, әдептілік қасиеттері бүгінгі күні ұстазға тән шеберлікпен ұштасып отыр. Миленаның болашағынан зор үміт күтеміз! Колледждің білім алушыларына Миленаны үлгі етеміз! Түлегіміздің ұстаздық жолында қызметі өрлей берсін!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст