«Жақсылыққа тағзым!» атты танымдық сағат өткізді.

02.03.2023

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж қабырғасында Алғыс айту күніне арнап И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың екінші филиал меңгерушісі Ергожина Лаззат Зариповна және «Мәнерлеп оқу» үйірмесінің жетекшісі Искакова Лина Құдабайқызы бірлесіп білім алушылар арасында «Жақсылыққа тағзым!» атты танымдық сағат өткізді. Іс шара қазақ халқының жомарттылығын, мейірімділігін асқақтатып, көп ұлтты мемлекетіміздің бірлік пен ынтымақтастығын сақтап, өзара сыйластықты арттыру мақсаты көзделді. Лаззат Зариповна Қазақстанда аталып өтіп жатқан «Алғыс айту» күнінің тарихы жайлы студенттерге баяндап, кітапханадан алып келген ақпараттарымен бөлісті. Білім алушылар Қазақстанда және дүние жүзіндегі көптеген мемлекеттерде алғыс айту күнінің пайда болу тарихымен бейнебаян арқылы танысты. Іс шара соңында студенттер шаттық шеңберін құрып қонақтарға, оқытушыларға, ата-аналарына, бауырларына алғыстарының шексіз екендігін білдірді.Құрметті оқырмандарымыз! Әлеуметтік желіде бізбен бірге болғандарыңыз үшін Сіздерге, Алғысымыз шекіз!!!


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст