"Туған жердің патриоттары- ел тірегі !"

04.03.2019

2019 жылғы 27 ақпанда, сағ. 14.00-де М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Тіл және әдебиет институты Практикалық қазақ тілі кафедрасының ұйымдастыруымен арнайы орта және орта оқу орындары оқушыларының арасындағы аймақтық іскерлік ойыны өткізілді. Біздің М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенттері екі жыл қатарынан іскерлік ойындарына қатысып жүр.

2017-2018 оқу жылдары колледж студенттері «Рухани Жаңғыру» атты семинар сабағына қатысып 12 алғыс хатпен марапатталса, ал кеше өткен іскерлік ойынында жүлделі 1 орынды жеңіп алды. Сайыстың тақырыбы: «Туған жердің патриоттары- ел тірегі !».

Іскерлік ойынның мақсаты – жастар арасында патриотизмдік сезімді қалыптастыру, өзі туып-өскен жеріне бауыр басып, мемлекеттік тілді толық меңгеруге, оған құрметпен қарап, туған жерді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Ойын төрт кезеңнен тұрды.

І. «Тұсаукесер» кезеңіндеқатысушы топ (топтың аты, ұраны, фото-слайд) өздерін таныстырды.

Біздің тобымыздың аты «Болашақ»

Ұранымыз: «Болашақ тобы алға ,

Биіктерге самға

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда.

ІІ кезең- үй тапсырмасы: «Мен Қазақстанда туып-өстім...» атты жарнамалық ролик дайындады.

Бейнероликтің мақсаты- білім алушыларда патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; олардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

Бейнероликтің маңыздылығы- Солтүстік Қазақстан өңірінің ұлы тұлғаларымен , әсем табиғатымен, астықты өлкесімен, салт-дәстүрімен таныстыру.

ІІІ кезең - ІІІ. «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

Бұл кезеңде қатысушыларға мақал-мәтелдер ұсынылды. Біздің топ мақалдың жалғасын тауып,мазмұнын аша білді.

ІҮ. «Туған жер» тақырыбына қатысты видеороликке комментарий жасады.

«Болашақ» тобы осы 4кезеңнен сүрінбей өтіп, І дәрежелі дипломымен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кушербаева Ж. А., қазақ тілі оқытушысы


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст