Жас педагогтің онкүндігін өткізу қорытындысы бойынша есеп

07.03.2022

2022 жылғы 14-25 ақпан аралығында М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде жас мамандарға теориялық және практикалық білімдерін жетілдіру және олардың педагогикалық шеберлігін арттыру мәселелерінде практикалық көмек көрсету мақсатында Жас педагогтардың онкүндігі өтті, оның шеңберінде оқытушылар ашық сабақтар өткізді.

Онкүндіктің мақсаты ашық сабақтар өткізу арқылы жас мамандардың педагогикалық шеберлігін арттыру болды.

Міндеттері:

- жас оқытушылардың педагогикалық қызметін жандандыру;

- талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін оқытушыларды анықтау;

- жас мамандардың кәсіби және жеке дамуын ынталандыру, олардың колледж жұмысының нәтижелеріне қол жеткізуге қосқан үлесін арттыруға ықпал ету.

Қойылған міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін жас оқытушылар онкүндігінің жоспары әзірленіп, бекітілді. Жоспарға сәйкес 10 ашық сабақ өткізілді, оларға әкімшілік, колледж әдіскері, тәлімгерлер, оқытушылар қатысты.

Жас оқытушылардың педагогикалық білімдерін, әдістемелік қоржындарын үнемі толықтыруға қажеттілігі бар екенін, таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылық бар екенін атап өткен жөн.

Колледж әкімшілігі мен тәлімгерлердің ашық сабақтарды мұқият талдауы нәтижесінде педагогтер оқу сабағының ұйымдастырушылық сәтіне назар аударатыны; студенттердің үй тапсырмасын орындау мақсаттары, міндеттері, мазмұны мен тәсілдерін түсінуін қамтамасыз ететіндігі анықталды.

Жас педагогтердің оқу сабақтарының мазмұны жаңартылған білім беру мазмұнының талаптарына сәйкес келеді. Жаңа материалды тапсыру кезінде оқытушылар студенттердің жас және психологиялық ерекшеліктерін ескереді. Оқытушылар білім мен іс-әрекет тәсілдерін бекітуге, жалпылауға және жүйелеуге, сабақ рефлексиясына арналған тапсырмаларды орындау барысы бойынша нұсқама өткізеді. Студенттерді бағалау Б.Блум бойынша оқу мақсаттарының деңгейіне сәйкес чек-парақтарға сәйкес жүргізіледі.

Онкүндікті өткізу қорытындысы бойынша келесі ұсыныстар берілді:

- жас оқытушының кәсіби өсуінде тәлімгерліктің рөлін арттыру;

- семинарларға, конференцияларға қатысу, әдістемелік әдебиеттерді зерделеу, әртүрлі деңгейдегі және сипаттағы кәсіби конкурстарға қатысу арқылы жас педагогтердің біліктілігін арттыруды және өздігінен білім алуды жалғастыру;

- жас оқытушылардың тәжірибелі педагогтар мен тәлімгер-педагогтардың сабақтарына қатысуы;

- тәлімгерлердің жас оқытушыларға арналған оқыту семинарлары мен дәрістерін ұйымдастыруы және өткізуі.

Мухамадиева А.Д., колледж әдіскері


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст