«Сұлулық, сән және жақсы талғам туралы»

14.02.2022
11 ақпан  2022 жылы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде адамның шынайы сұлулығы туралы дұрыс түсініктерін қалыптастыру; эстетикалық талғамды, сәнге қатысты парасатты көзқарасты дамытуға бағытталған «Инабат» және «Надежда» клубтарының ұйымдастыруымен стилист, жарнамалық фотоссесия ұйымдастырушы  Мария Гордамен кездесу өтті. 
Мақсаты: адамның шынайы сұлулығы туралы дұрыс түсініктерін қалыптастыру; эстетикалық талғамды, сәнге қатысты сезіміне парасатты көзқарасты дамыту.
Әрқашан әдемі болуға ұмтылу - адамның мәңгілік қалауы. Кез келген уақытта, планетамыздың кез келген жерінде адамдар өздерінің сыртқы келбетіне үлкен мән берді. Ал бүгінде бұл сұрақ өте өзекті.

Адам кісілігі киімінде емес, білімінде. Алайда, әдемі әрі сәнді киіну адамның тек сыртқы келбетіне ғана емес, ішкі жан дүниесі сенімділігіне ықпал етеді. Қазіргі жаhандану заманында жаңалық көбейген сайын, киім мен сән саласы да ерекше жедел дамып барады. 
 Студенттерге осы маусымда өзекті болып табылатын киім-кешек, практикаға және сабаққа қалай бару керектігі туралы ұсыныстар беріледі.
«Инабат» және «Надежда» клубының жетекшілері:
Кожакенова С.Р., Тимошенко Н.В.

Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст