Облыстық семинар «Колледждің әдістемелік қызметін дамытудың инновациялық бағыттары: тәжірибе, проблемалар және жетістіктер»

21.12.2022

2022 жылғы 21 желтоқсанда М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж базасында Техникалық және кәсіптік білім беру әдіскерлері қауымдастығы аясында «Колледждің әдістемелік қызметін дамытудың инновациялық бағыттары: тәжірибе, проблемалар мен жетістіктер» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға қатысушылардың жалпы саны – 28 адам, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары директорының орынбасарлары, әдіскерлері. Семинар жұмысына қатысқандар: - Хусаинова Алма Мухаметкалиевна, кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау бөлімінің маманы; - Валеева Айнур Канатовна, «Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КММ әдіскері. Семинар бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтыды: 1. «Электрондық әдістемелік кабинет педагогтарды әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру нысаны ретінде», Иманкулова Алия Сыздыкбаевна, диретордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегегі орынбасары; 2. «Білім беру ұйымының әдіскері» онлайн-курсының тұсаукесері, Мухамадиева Алия Данияровна, колледж әдіскері, Тасмагамбетова Асемгуль Мухтаровна, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары; 3. «Қазіргі педагогтың кәсіби және жеке дамуындағы циклдік әдістемелік комиссияның рөлі», Маденова Бахытгуль Ерсыновна, ақпараттық пәндер ЦӘК төрайымы; 4. 4. «Lesson STUDY» технологиясын қолдана отырып оқу сабақтарын өткізу және талдау, Лялькова Анастасия Павловна, педагогика оқытушысы; 5. «Оқу сабағының бейне үзіндісін көрсету және өзіндік талдау», Алпыспаева Ардак Есендиковна, ағылшын тілі оқытушысы. Кері байланыс алу нәтижелері бойынша семинарға қатысушылар ұсынылған баяндамалардың өзектілігін, пайдалылығын, практикалық маңыздылығы мен жаңашылдығын атап өтті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст