Әскери-спорттық көпсайыстан облыстық онлайн спартакиада

19.02.2021

Ауғанстаннан әскерлерді шығарғанына күніне арналған Солтүстік Қазақстан облысының колледждері арасында әскери-спорттық көпсайыстан облыстық онлайн спартакиада

Әскери-қолданбалы спорт түрлерін және салауатты өмір салтын насихаттау және танымал ету, сондай-ақ Отан алдындағы борышын өтеген интернационалист-жауынгерлерге құрмет көрсету мақсатында 2021 жылғы 10-19 ақпан аралығында СҚО колледждері арасында әскери-спорттық көпсайыс бойынша облыстық спартакиада өткізілді. Жарысқа колледж студенттері қатысты.

Команда құрамы 4 адам (2 ұл және 2 қыз+1 өкіл). Қатысушылардың жасы 15-17 жас аралығы. Жарыс келесі номинацияларда ұсынылды:

- жалпыәскери қорғаныс жиынтығын біраз уақытқа кию;

-уақытқа АК-74 бөлшектеу (құрастыру) ;

- күштік жаттығу (ұлдар-белтемірге тартылу; қыздар-1 минут ішінде жатып денені көтеру);

- "Берпи" кроссфит-кешені (1 минут ішінде рет саны);

- газтұтқышты уақытқа кию.

Жарысқа 18 команда қатысты. Жарыстар нақты уақыт режимінде "Google Meet" сандық платформасын пайдалану кезінде онлайн форматта өткізілді. Спартакиада қорытындысы бойынша М. Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің командасы 1 орынға ие болды.

Команда құрамы:

1. Бабикова Ырысты - УКЯ-1-20

2. Береская Дарья - НО-2-20

3. Қажағали Әлихан - ИС-1-20

4. Гумаров Салих - НОД-2-20

5. Халел Акерке УИЯ-1-20 (ауыстыруға)

6. Мағзум Дамир ИСР-1-20 (ауыстыруға)

Студенттер өздерінің моральдық-ерік қасиеттерін, жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті, жаңа достар тапты және мінезін шыңдады, бұл оларға кейінгі өмірінде көмектеседі.

Жетекшісі Нурпеисов О.К. АӘД оқытушы-ұйымдастырушысы жарыс регламентінде көзделген нормативтерді табысты орындауға студенттерді жұмылдырудың жақсы қабілетін көрсетті. Команданың жақсы дайындығын және жоғары кәсібилігін көрсетті. Қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының медальдарымен және грамоталарымен марапатталды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст