«Адамгершілік-рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде»

11.02.2021

2021 жылы 10 ақпан күні ZOOM платформасында «Адамгершілік-рухани білім болашақ маманның даму факторы ретінде» атты «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасын интеграциялау бойынша пилоттық жобаны іске асыру мақсатында колледж студенттері арасында ұйымдастырылған республикалық ғылыми-практикалық семинарда М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінің ІІІ курс студенті Токушева Мадина «Болашақ педагогтардың рухани – адамгершілік мәдениеті» атты баяндамасын көпшілікке ұсынды. Мадина өзінің баяндамасында болашақ маман ретінде колледждің оқу-тәрбие жұмысының үш бағытын ашып студенттің рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту және жетілдіру жолдарын көрсетіп, болашақ маман ретінде педагог үшін рухани адамгершілік ең басты құндылық екендігіне назар аударды. Жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсету, яғни руханилығын дамыту – бүгінгі қоғамның сұранысы екендігін атап өтті. Жетекші: Кожакенова С.Р.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст