Ыбырай Алтынсарин мұрасы болашақ маман жүрегінде

17.03.2021

Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына байланысты 2021 жылдың 13 наурызында қазақ тілі мен әдебиет пәндері онкүндігі аясында «Ыбырай Алтынсарин мұрасы болашақ маман жүрегінде» тақырыбында УКЯ-1-17 топ студенттерімен әдебие-интеллектуалды ойын өткізілді.

Әдеби-интеллектуалды ойынды жүргізуші - қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің оқытушысы Лина Құдабайқызы Ысқақова қазақ даласында тұңғыш қоңыраудың үнін сыңғырлатқан ағартушы-педагог, ақын, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері, бүгінгі күні 180 жылдық мерейтойымен тәуелсіз елімізде есімі асқақталып отырған Ы.Алтынсариннің мұрасын болашақ мамандарға насихаттауды мақсат етті.

Ойын барысында Ы.Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық жолы жайлы УКЯ-1-17 топ студенттері білімдерінің зор екендігін көрсете білді. Әсіресе, Камитова Жайнагүл, Гулметов Қуаныш, Қайырлы Назира, Ермекпай Арман топты жарып, өздерінің болашақ мамандықтарына деген қызығушылықтарын таныта білді. Байбусина Диана ақын өлеңін жатқа айтып, әдебиетке деген сүйіспеншілігін көрсетті.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст