2023 жылдың 18 қазан күні «Надежда» клубының студенттері рухани-адамгершілік тәрбие факторларының бірі ретінде салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен «Fitness Family» фитнес орталығына барды. «Fitness Family» спорт залдары мен фитнес орталықтары желісінің директоры Неклюдова Алена Юрьевна салауатты өмір салты, әйелдердің эмоционалдық және физикалық денсаулығы мен дамуы тақырыбында дәріс оқып, пікірталас өткізді. Жаттықтырушы-нұсқаушы топтық дене шынықтыру жаттығуларын және спорт кешеніне экскурсия жүргізді. Мұндай кездесулер денсаулықты нығайту үшін қажет. Себебі салауатты өмір салты адамгершілік қағидаттарына негізделген өмір салты, ұтымды ұйымдастырылған белсенді оқу іс-әрекеті, жағымсыз әсерлерден шыңдалу, сонымен қатар жеке тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал етеді.