Жастар – тәуелсіз елдің тірегі

22.12.2023

2023 жылдың 20 желтоқсан күні Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж шаңырағында Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Жашибеков Назир Азаматұлының қатысуымен «Жастар – тәуелсіз елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өтті. Үстіміздегі жылдың 21-27 қараша күндері аралығында Еліміздің бас қаласы Астанада өткен «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық чемпионатының жеңімпаздарын осы іс-шарада Облысымыздың бас педагогы Назир Азаматұлы құттықтады. Өңіріміздің намысын 15 құзыреттілік бойынша 8 колледж қатысып келесі құзыреттіліктер бойынша 2 алтын, 1 қола және 8 медальға қол жеткізді. Колледж – білімнің темірқазығы. Жастарымыздың әлемдік, жаңа ғасыр талаптарына сай сапалы білім алуына жағдай жасалуда. Кез келген мемлекеттің әлемдік өркениеттен лайықты орын алуы – оның бәсекелестік қабілеті және білімділігімен өлшенеді. Болашақ – білімді жастардың қолында.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст