"Жастар кәсіпкерлігі және оның даму болашағы"

17.03.2021

17 наурызда Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде кәсіпкерлік қызметінің негіздері пәнінің оқытушылары Қ.Ғ. Малғаждарова мен Ж. Б. Шәріпов студенттермен "Жастар кәсіпкерлігі және оның даму болашағы" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылды. Кездесу қонақтары жас және тәжірибелі кәсіпкерлер: "Барс-строй" ЖШС Бас директоры-Богданов Владимир Александрович және "Божья коровка" Мир праздника ЖК басшысы - Джемалединова Юлия Александровна болды, олар бизнес-жобаны құру тәжірибесімен, инвесторларды іздеу және жобаларға инвестициялар тарту тәсілдерімен бөлісті. "Әрине, маған өте қызық. Осы жылы мен кәсіпкерлікке арналған дөңгелек үстелге алғаш рет қатысып отырмын. Бүгін мен осы іс-шараға қатысқаныма өте қуаныштымын. Менің ойымша, мұнда сіз өзіңіз үшін көптеген пайдалы ақпаратты таба аласыз. Кәсіпкерлікпен айналысқысы келетіндер үшін бұл үлкен және қажетті тәжірибе", - болғанын, "мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" мамандығының үшінші курс студенті Төлеген Айсұлу өз ойымен бөлісті. Дөңгелек үстел қызу пікірталас форматында өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алу мүмкіндігіне ие болды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст