Әдеби кеш

15.02.2023

2023 жылдың 15 ақпанында Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде «Поэзия көктемі», «Жас толқын» фестивалінде, «Қазақтың ақын қыздары» республикалық жыр мүшайрасының бас жүлдегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, 2008 жылы «Дебют достастығы» атты халықаралық конкурстың лауреаты, ҚР президентінің поэзия номинациясы бойынша стипендианты, Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Мәдениет саласы бойынша түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін Түрксой тағайындаған «Molla Penah Vagif» сыйлығының иегері, «Янгиз Овоз» Орта Азия жазушылар одағы тағайындаған «Туран Биримдиги» медалінің иегері, «Алаштың аманаты» атты деректі фильмдер топтамасы үшін «Алаш» медалі және «Құрмет» ордені иегері – ақын Танакөз Толқынқызы және Республикалық айтыстардың жүлдегері - Шыңғысхан Ғабдуллин мен Халқаралық ақындар айтысының жүлдегері - Қабдолла Бейісхан сынды ақындармен «Еліне жақын жырымен» атты студенттермен ақиық ақынымыз М.Жұмабаевтің 130 жылдығына орай кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты: Алаш зиялыларының өмірі мен шығармашылығын колледж студенттеріне насихаттау, жастардың кітап оқуға құлшынысын, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Танакөз Толқынқызы алаш арыстарының өмірі мен басынан кешкен нәубет заман туралы «Алаш аманаты» атты 5 сериядан тұратын деректі фильм топтамасы туралы жан-жақты мағлұматпен бөлісіп, колледж студенттерінің сұрақтарына жауап беріп, өз өлеңдерін жатқа оқыды.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст