Курмашева Арай Сериковна

05.01.2023

Курмашева Арай

«М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК
0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 3-курс студенті

Сөз көңілге сипат жағының көркемдігімен,

мағына жағының күштілігімен жағады.

Ахмет Байтұрсынұлы

Бүгінгі заман – білімділердің заманы. Ғаламын ғаламтормен танитын ұрпақ өмір сүретін заманда үштілділікті талап ету ең дұрыс шешім. Өйткені білімді бесіктен тесікке дейін іздену керек. Сонда ғана арман еткен нәрселеріді ақиқатқа айналдырып, жетпеген жетістікке жете алуымыз мүмкін. Үштілділік - бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Әрбіреудің тілін өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы – білгендік.

Мен , Курмашева Арай Сериковна еліміздің солтүстігінде орналасқан Сәбит, Ғабит, Мағжан бабаларымыздың кіндік қаны тамған, тарихта қасиетті Қызылжар атауымен танылған, қазақта тазалықтың белгісімен тамсандырған аққайыңдар өлкесінде дүниеге келдім. Бүгінгі күні қаламыздың қақ ортасына орналасқан қастерлі білім ошағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің «Негізгі орта білім беру» мамандығының «Шет тілі мұғалімі» біліктілігі бойынша 3 курс студентімін. Болашақ мамандығым - «Шет тілі мұғалімі». Менің мамандығыма деген сүйіспеншілігім зор, колледж қабырғасында білім нәрімен сусындатып отырған кәсіби құзіреті жоғары оқытушыларымның еңбегі шексіз. Менің де болашақта оқытушыларым секілді әдіс-тәсілдерді әр сабағымда тиімді қолданып, білім алушыларға мейірім шуағын шашқым келеді. Әр баланың жүрегіне «Тәуелсіз елдің бақытты ұрпағысың!» деп тарих тұңғиығындағы ата-бабаларымыздың өз ұрпақтарына аманат етіп жеткізген тілін, дінін, салт-дәстүрі арқылы жеткізгім келеді. Мен, Республикалық, облыстық іс-шараларға, сайыстарға белсене ат салысып еліміздегі жастарға арналған жобаларға қатысып келемін. Республикалық жобаның қола медаль иегерімін, қазіргі таңда осы жобаның күміс медаль үміткерімін. Болашақ мамандығыма байланысты тәжірбие практикаларында өзімді белсенді таныта білдім.

Топ-100 байқауы менің қабілеттерімді ашуға, және барша студенттерге өз қажеттіліктері мен орындарын түсінуге көмектеседі деп ойлаймын. Менің ойымша бұл өзін-өзі танытудың, энергиямен және позитивпен қуаттаудың тамаша мүмкіндігі, сонымен қатар мамандық бойынша өзін-өзі дамыту мен жетілдіру, пайдалы тәжірибе жинақтау мүмкіндігі, бұл менің әрі қарай педагогикалық қызметімде пайдалы болатыны сөзсіз. Бұл байқаудан жүлдері орын алсам жетістігім мұғалімге тікелей байланысты . Әрине, толқулар болады, бірақ ең бастысы - бұл байқау мен үшін мамандық бойынша жаңа көкжиектерді ашады және жаңа идеяларға түрткі болады! Колледж оқытушылары - республикамыздың білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалардың табыстары мен жетістіктері үшін өздерінің кәсіби шеберлігін , патриоттық пен имандылығын болашақ мамандарға арнаған асыл жандар . Бүгінде олар білімге ұмтылған қаншама жастың маман ретінде қалыптасуына ықпал етіп , болашақтарына үлкен жол ашты , қадамдарын нұрлы етті . Колледждегі күнделікті сабақтар , тәрбиелік іс - шаралар , қалалық , облыстық байқаулар менің жан - жақты дамуыма көп септігін тигізіп келеді . Мен - ақпараттық технологияларды еркін меңгеруші студент болып қалыптасып келемін! Оқытушылардан алған білімімді санама құя біліп, тәрбиені бойыма сіңіріп келемін. Адам баласы кемелденіп, өзін ұштау үшін алдына мақсат қойып, діттегеніне жете білуі қажет. Мен кішкентай күнімнен мұғалім болуды армаданған елім . Мақсатым мен арманым ұштасып жатыр. Мұғалім болып , өмір шындығын бейнелеп, адамдарға-күш жігер беретін біліміп анық . Өмір болған соң барлығы да болады. Адамдар қуанады, жабығады. Еңсесі түсіп, жігері құм болған кезде бір ауыз жылы сөздің өзі бойына шипа, дертіне ем болуы мүмкін.Бұл маңызды дәлелдердің барлығы менің байқауға қатысуға шешім қабылдауға әсер етті!

«Топ – 100» байқауына қатысу арқылы мақсатыма жеткім келеді. Бұл менің Қазақстан Республикасының қарқындап дамуына, Мәңгілік Ел болып жасауына қосқан үлесім деп білемін.

«Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деп ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, мақсатыма жету жолында үзбей ізденіп келемін. Бұл әркетімді Егеменді елімнің азаматы ретінде өнерлі де өрісі кең тұлға болып қалыптасу, қоғамды өнерге жұмылдыру, өзгеге үлгі болу деп білемін. Өйткені мен тәуелсіз еліміздің көк байрағының биікте мәңгі желбіреуін қалаймын.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Колледж сайты - colmagzhan.edu.kz

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva

Сайт колледжа - colmagzhan.edu.kz

 

 


Текст