Елішілік академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін білім алушылар арасында Конкурс

Елішілік академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін білім алушылар арасында Конкурс

«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК әкім�...

«Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК әкімшілігі «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылар мен педагогтердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығы, сондай-ақ «М.Жұмабаев атындағы жоғары колледж» КМҚК және «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК арасында жасалған 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 2 келісім негізінде келесі мамандықтар бойынша ішкі академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін білім алушылар арасында конкурс жарияланды: • 01120100 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту 4S01120102 Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі; • 01140600 – Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиеті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі 4S01140601- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Құрметті III–IV курс студенттері! Ішкі академиялық ұтқырлыққа қатысу үшін оқу бөліміне келесі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз. Құжаттар тізбесіне мыналар кіреді: 1. Өтініш; 2. Осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес академиялық ұтқырлық бойынша оқуға үміткер білім алушының толтырылған сауалнамасы; 3. Жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі; 4. Осы қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес транскрипт; 5. Оқуға үміткердің заңды өкілінің нотариалды куәландырылған келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін). Арнайы құрылған комиссия шешімінің негізінде хаттама ресімделеді және білім алушыларды академиялық ұтқырлық бойынша оқуға жіберу туралы бұйрық шығарылады. Академиялық ұтқырлыққа қатысуға үміткерлерді конкурстық іріктеудің негізгі критерийлері: - білім алушыларға тиісті мамандық/біліктілік бойынша кемінде екі академиялық кезеңді аяқтау; - үлгерімнің орташа балы (GPA) 2,5-тен төмен болмауы тиіс; - білім алушы кем дегенде 16 жаста болу керек; -оқу бөлімі құжаттарды қабылдауды 28 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады. Колледж әкімшілігі

Автор:
Сарсенова  Шолпан  Болатқызы
редактор
Страница создана
19.12.2025
Дата обновления:
06.01.2026