«Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыты»

10.12.2018

2018 жылдың 6 желтоқсан күні колледждің оқытылуы қазақ тіліндегі бөлімде дәстүрлі «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басты бағыты» тақырыбында ата –аналар жиналысы өткізілді.

Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, сондай-ақ білім беру үрдісінде жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатты талқылауға ата-аналар қауымын кірістіру.

Ата-аналар жиналысы – әр отбасы үшін маңызды шара. Сондықтан бұл шараға барынша мән берген абзал. Бұл күні барлық ата-аналар жаппай колледжге келіп, колледж әкімшілігі, студенттердің топ жетекшілері, пән оқытушыларымен ашық диалог жүргізіп пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе, яғни «М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің ағымдағы ахуалы және даму үрдістері» жайында колледж директоры Ерлік Барысұлы Жанділдин баядап берді. Колледж басшысы өз сөзінде осы жылдар ішінде білімнің көгіне өрлеген білім ұясының табыстарына тоқталып, ата-аналарға балаларының, оқытушылар құрамының қол жеткізген жетістіктері жайында таныстырып өтті.

Оқытылуы қазақ тіліндегі бөлім ахуалы: оқу орнының талаптары мен студент міндеттері; оқу үлгерімдері, сабаққа қатысымы жайындағы ақпаратты бөлім меңгерушісі Салтанат Бүркітқызы Саурбаева айтып өтті. Соңында колледж әкімшілігімен ашық диалог жүргізіліп, ата-аналар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын жолдап, оған тиісті жауаптарын алды. Сондай-ақ, ата-аналар колледжге, топ кураторларына, оқытушыларға өз алғыстарын білдіріп, колледж әкімшілігі тарапынан жасалып жатқан барлық қолдауға ризашылықтарын білдірді. Ата-аналар өз балалары туралы жеке ақпаратпен ұйымдастырылған топ жиынында жақын танысты.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст