13 маусым 2019 жылы М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас мамны Рүстем Аида Жамбылқызының колледж түлектерімен кездесуі өтті. Бұл шараның мақсаты мемлекеттік қызметкер мәртебесінің мәнін ашу және осы қызметке қалай орналасу керектігі туралы түлектерге ақпараттық-түсіндірме беру болды.
Сөз барысында Аида Жамбылқызы аталған қызметтің үлкен жауапкершілігі мен артықшылықтарына, мансаптық модел, үш кезеңнен тұратын сайысқа және құқықтық-заңнамалық білімді тексеретін тестілеу бағдарламаларын қалай тапсыру керектігіне тоқталды.
Кездесу барысында студенттер қызықтырған сұрақтарына жауап алып, мемлекеттік қызмет жайындағы танымын кеңейтіп, осы қызметке баруға тілек білдіргендер болды.