Мағжан Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледжінде «Ардос Жүрек» мүгедектер бірлестігінің жетекшісі Ақжан Каримов қонақта болып қайтты.
Ақжан Каримов 1 курс студенттерімен кездесіп, «Өзіңді өзгерт» атты семинар – тренингін өткізді.
Өмір – үлкен қызығы мен шыжығы толы алаң. Бұл алаңда небір жанрдағы ойыншылар, түрлі кедергілер бар. Өмір кейде қызық, кейде қиын – деп өз сөзін Ақжан Каримов бастады.
Тренинг мақсаты: студенттердің өзін-өзі тануына, өз қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің көзқарасына тәуелді болмауға, өзін – өзі рухани жетілдіруге, өмір сүруге құлшынысын арттыру.
Тренинг барысында колледж студенттері белсене қатыса отыра, өздерінің тиісті сұрақтарына жауап ала алды.
Малгаждарова К.К.,
преподаватель колледжа