Жаңа оқу жылы «Әділдікке үндеген қожа ахмет ясауи» тақырыбында адалдық сағатымен басталды
Бүгін Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.
Онлайн-дәріс Тұран даласының ХІІ ғасырдағы ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған.
Түркі әлемінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз, оның мұрасы түркі мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынастардың қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өрнектеп берді» деп тап өткен.
Бейне-дәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақталған адалдық, әділдік, парасаттылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құндылықтарға шақыратын ұлы ойшылдың сөздерімен танысады.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен бейне-сабақ республикалық және өңірлік телеарналар эфирінде көрсетіліп, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасында және әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Бейне-дәріске сілтеме: