«Жастар санасының жаңғыруындағы ұлылардың ағартушылық қызметінің құндылық негіздерінің көрінісі»

19.10.2020

2020 жылдың 15 қазанында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Білім басқармасы» КММ «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» КМ-нің ұйымдастырумен «Ұлылыр мұрасы және заманауи білім» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І Халықаралық форумның «Жастар санасының жаңғыруындағы ұлылырдың ағартушылық қызметінің құндылық негіздерінің көрінісі» тақырыбындағы секция жұмысы өтті. Секция жұмысын Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж директорының ғылыми жұмысы жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Саурбаева Салтанат Бүркітқызы жүргізді. Жұмыс барысына Түркі елі, Анкара қаласынан түркітаным орталығының директоры, түркі тілі қоғамының мүшесі, университет профессоры Ченгел Касапоглу Хулия ханым қатысып, қазақ халқының ұлылары мұрасының маңыздылығы жайында ой-пікірімен бөлісті. Өз сөзінде жастар тәрбиесіне ықпал ететін қазақ зиялылары, Алаш ұраншыларының еңбектеріне тоқталды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің бүгінгі күні жастар үшін маңыздылығын жоғары рухта ашып берді. Сөзінде қазақ еліне сәлемін жолдап, Мағжан Жұмабаев атындағы колледж оқытушыларына шығармашылық табыс тіледі, студенттеріне шын жүректен өзінің ыстық ықыласын білдірді. Сондай-ақ, еліміздің алдыңғы қатарлы кәсіптік және техникалық білім беретін оқу ұйымдарының тіл мамандары өз қоржындарындағы әдістемелік жұмыстарын ортаға салып, қазақ тілі мен әдебиеті, кәсіби қазақ тілі пәндерін оқыту арқылы жастар санасы мен ойлауының жаңа моделін қалыптастыру мәселесін қарастырылды. Колледждің «Қазақ тілі мен әдебиеті» ЦӘК оқытушылары Омарова Бағлан Советқызы, Құдыкенова Жұлдыз Маратқызы «Білім алушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда белсенді оқыту тәсілдерін қолдану», «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» («Негізгі орта білім» мамандығы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігі бойынша мамандар даярлаудың негізгі қағидалары) тақырыбында баяндама жасап, өз жұмыстарымен бөлісті. Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің психология пәні оқытушысы Кожакенова Самал Рамазанқызы «Қашықтықтан оқыту кезінде ұстаздардың ынта-жігерін арттыру» тақырыбында тыңдаушыларға әдістемелік нұсқаулықтар берді.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст