«Болашақ педагогтың рухани-адамгершілік мәдениеті»

04.02.2021

3 ақпан 2021жылы М.Жұмабаев атындағы жоғары колледжінде адамгершілік-рухани тәрбие мен білім беру бағытында бірінші курс студенттері арасында «Инабат» клубының кезекті отырысы өтті.

«Инабат» клубының негізгі мақсаты: қазіргі қоғамдық ортада азаматтық ұстанымдары бар, жеке өмірде отбасылық міндеттерді алған білімімен ұштастыра білетін ұлтжанды, парасатты, ұлттық салт-дәстүр мен мәдениетті дәріптейтін шынайы қазақ аруын қалыптастыру. Заман талабына сай білім беру жүйесі өзінің басым бағдарын жеке тұлғаның рухани адамгершілік тұрғыдан кемелденуіне назар аудара бастады.

Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжі студент қыздарының жоғары рухани-адамгершілік болмысын ашуға және толық болашақ педагог болып қалыптасуына ықпал ететін жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы оларды белсенді оқу-танымдық әрекетке ынталандыруды және оны ұйымдастыруды, ойы, сөзі және ісі бір жерден шығатын кемел мінезді адам тәрбиелеуді мақсат етеді.

«Инабат» клубының жетекшісі Кожакенова С.Р.


Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст