WORLD SKILS KAZAKHSTAN 2022 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» құзыреті бойынша

18.04.2022
2022 жылдың 12 сәуір күні Мағжан Жұмабаев атындағы Жоғары колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша WORLD SKILS KAZAKHSTAN 2022 аймақтық чемпионаты өтті.
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзіреттілігі бойынша өткізіліп отырған аймақтық чемпионатының қатысушылары:
1. Қанибайқызы Гулжан
2. Шопанаева Лейла
3. Шалабаева Альбина
4. Радзевич Ольга
5. Белошенко Карина
6. Сухарева Виолетта
7. Исаченко Валерия
Байқау 3 модульден тұрды:
1. Модуль А. "Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу"
Тапсырма. Балалардың ересек тобымен ұйымдастырылған оқу қызметін әзірлеу және жүзеге асыру.
2. Модулі В. «Білім беру ұйымының ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) және қызметкерлерімен өзара іс-қимыл»
Тапсырма. АКТ технологияларын пайдалана отырып, дәстүрлі емес нысанда ата-аналар жиналысын әзірлеу және өткізу.
3. С модулі «Мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі іс-әрекеттері мен қарым-қатынасын ұйымдастыру»
Тапсырма. Балабақшаның ересек тобында режимдік процесті ұйымдастыру және өткізу.
Әрбір модульдің өнімділігін сарапшылар бағалады:
1. Калиева Гүлнар Ермекқызы – «Ақ бота» бөбекжай - балабақшасының әдіскері
2. Каланина Юлия Викторовна – «Петушок» бөбекжай- балабақшасының әдіскері
3. Борисова Татьяна Александровна – «Ивушка» бөбекжай - балабақшасының әдіскері
4. Танатова Меруерт Балғатқызы – «Салтанат» бөбекжай- балабақшасының тәрбиешісі.
Чемпионат қатысушыларының дайындығы жоғары деңгейде болды. Қазылар алқасы объективті және субъективті критерийлер бойынша бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша:
1 орын – Қанибайқызы Гүлжан, Сухарева Виолетта.
2 орын – Радзевич Ольга, Белошенко Карина.
3 орын – Исаченко Валерия.

Колледжге тапсырылатын құжаттар:

-Білімі туралы құжат (түпнұсқа)
-Медициналық анықтама (075У-формасы)
-4 сурет (3х4)

Документы для поступления:

-Документ об образовании (подлинник)
-Медицинская справка (075У)
-4 фотографии (3х4)

Петропавл қ., Абай к-сі, 28 үй

г. Петропавловск, ул. Абая 28

тел: 49-42-45, +7 777 894 2318

e-mail: colmagzhan@mail.ru

 collegemzhumabaeva, +7 777 894 2318

 


Текст